«Қайрат Рысқұлбековті соңғы рет моншаға апарған кісі Семейде тұрады екен. Сол кісіні іздеп, бетпе-бет сөйлессең жақсы болар еді» деген редактор тапсырмасын былтыр желтоқсан айында алған едім. Бірақ ол кісіні табу оңайға түспеді. Телефондарын табуын тапқаныммен, өзімен сөйлесудің реті келмеді. Кезінде Семей облыстық Қаржы полициясының (1994-1996 жылдары) басшысы қызметін атқарған Мэлс Асқарұлы жол нұсқап, тәптіштеп айтып, […]