Мәжіліс спикері Президентке депутаттардың халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы туралы мәлімет берді. Мәжіліс депутаттары алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру үшін өңірлерге сапармен барды. Депутаттар күн сайын 250-ге дейін іс-шара өткізген. Еңбек ұжымдарында, базарларда, әлеуметтік нысандарда және шалғай елді мекендерде өткен кездесулерде тұрғындармен ашық пікір алмасуға баса мән берілді. Жалпы азаматтар ұсынылып отырған реформаларды […]