Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектебінде 12 сәуір күні мұғалім оқушыны шапалақпен ұрған. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жәбір көрген қыздың ата-анасы мұғалімге қолданылған жазаны қайта қарауды талап етіп отыр. «Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12 сәуірдегі бұйрығы бойынша Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғалімі қатаң сөгіс алды. 14 […]