Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Снежанна Имашева, Мәлік Құлшар және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Аветик Амирханян құрылыс материалдарын өндіретін «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» зауытында болды. Халық қалаулылары зауыт қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға белсенді атсалысуға шақырды. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум […]