Алдағы референдумның мәнін халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатымен бүгін бір топ Мәжіліс депутаттары Шымкент қаласына барды. «AMANAT» фракциясының мүшелері Берік Оспанов, Берік Бекжанов, Фахриддин Қаратаев, Ғани Ташқараев қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлермен кездесу өткізді. Жиында алдағы референдумның мән-маңызы жан-жақты талқыланды. – Ата заңымызды түзету арқылы барлық салада, атап айтсақ, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйеде біраз өзгеріс […]