Ақтөбе қаласында дауыс беруге көпбалалы отбасы келді. Бұл туралы referendum.kz Telegram арнасы хабарлады. Ерлі-зайыпты Амангүл мен Өмірхан Жетесовтер 21 баланы тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі өз баласы, қалғанын асырап алған. Отбасында ата-анасымен бірге 10 сайлаушы бар. Данияр мен Көркемай Жетесовтер алғаш рет дауыс береді. Биыл олар 18 жасқа толды.