Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның пленарлық отырысында депутаттарды референдумның сәтті өтуімен құттықтады. «Ең алдымен баршаңызды Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын! Өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларына деген сенімінің жарқын көрсеткіші. Шынын айту керек, үлкен іс атқарылды. Ел болып жұмылып, […]