Алматы облысының Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев қызметінен босатылды, – деп хабарлады Tengrinews.kz. «Ішкі істер министрлігі бұйрығы бойынша Күдебаев Серік Мырзақұлұлы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан кетті» делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында. Бұған дейін Президент Алматы облысында тергеуде арқасына үтік басылған белсендіге қатысты пікір білдірген еді.