Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы қаулысы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілсін. Мыналар: 1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу […]