Қазақстанда референдумның өту барысын шетелдік бақылаушылар да жіті қадағалап отырды. Отыздан астам дауыс беру учаскесін аралаған Ресей Орталық сайлау комиссиясының өкілі Эльмира Хаймурзинаның айтуынша, халықтың белсендігі жоғары деңгейде болды. «Өзім Солтүстік Қазақстан облысында туып-өстім, кейіннен Ресейге кеттім. Референдумда халық белсенділік танытты. Отыздан астам сайлау учаскесін араладық. Комиссия мүшелері саяси науқанға тыңғылықты дайындалған. Дауыс беруге келген […]