Доллардың демалыс күндеріне арналған ресми бағамы белгіленді. Мереке күндері доллар бағамы 446,38 теңге болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 29 сәуірдегі ресми бағамы 448,49 теңге. 30 сәуір мен 3 мамырда рубльдің ресми бағамы 6,36 теңге болады. Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін доллардың орташа сараланған бағамы 2,05-ке төмендеп, 445,62 теңге болғанын мәлімдеді.