Алдын ала келу туралы деректер бойынша қазақстандықтардың 68,44% референдумда дауыс берген, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алды. 8030739 адам дауыс берген.