Конкурстық комиссияның шешімімен Иран Шаметеков Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды turkystan.kz. Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «Хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті. 2006 жылы Д.Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми …