ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев күдікке ілінген Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстарына қатысты түсінік берді – Тергеу басталғанға дейін оның Қазақстанда болмағанын білеміз. Ол Қазақстанда жоқ. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Дархан Құрақбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Айта кетейік, 3 наурызда белгілі болғандай еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады. Кейін Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған А. Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды. The post Арғын Нығматулин Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткен — Антикор appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Саясат

































