Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Достар, мен әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ өкілдері таратқан ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жылдары музей директоры болмаған», – деп жазды Айдар Қырықбай Facebook-тегі парақшасында. …