Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қыркүйек айында жалғасады деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін, яғни 12 тамыздағы сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Одан өзге үш куәгер белгісіз себептермен процеске келмеді. #8230;