Ұлыбритания ханзадасы Уильям 21 наурыз күні таңертең Эстониядағы Тапа әскери базасына келді. Базада НАТО елдерінің, соның ішінде Ұлыбританияның да әскери бөлімдері орналасқан. Ол CABRIT әскери жаттығуларына қатысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Мәліметтерге сенсек, 42 жастағы Уэльс ханзадасы әскери форма, берет, қорғаныс шлемі мен көзілдірік киіп, алдымен британиялық Challenger 2 танкімен, содан кейін Warrior жаяу әскер жауынгерлік машинасымен жүріп өтті. Айта кетейік, бұл база Ресей шекарасынан небәрі 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзінің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі ресми парақшасында Уильям «Мерсий полкінің бас қолбасшысы болуға мақтанатынын» жазды. Бұл полк Эстонияда Корольдік гвардияшылардан эстафетаны қабылдап, CABRIT операциясына қатысып жатыр. Ол эстониялық […]The post «Батыл белгі»: Ұлыбритания ханзадасы Уильям Ресей шекарасына жақын жерде танкпен жүріп өтті appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

«Батыл белгі»: Ұлыбритания ханзадасы Уильям Ресей шекарасына жақын жерде танкпен жүріп өтті
Саясат




































