Мемлекетаралық іздеу жарияланған қазақстандық кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram арнасында хабарлады. «Мемлекетаралық іздеу жарияланған Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлын Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады» делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметі бойынша, Жексенғалиев 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.