Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, министр еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес 83 ірі компанияға […]