Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев болды. Жарқынбек Бақашбаев еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған. Басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Арыс қаласының ауданаралық прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының …