Алматы қаласының прокуратурасы тергеу изоляторында көз жұмған генерал-майор Жайлаубек Халықұлына қатысты тергеу жүргізеді деп хабарлады turkystan.kz. «Алматы қаласының прокуратурасы 6 тамыз күні сағат 07.15 шамасында Алматы қаласы бойынша тергеу изоляторының камерасында қамаудағы Халықұлы Жайлаубектің асылып қалғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды. Шақырылған дәрігерлер тобы Халықұлы Жайлаубектің қайтыс болғанын анықтады, алдын ала диагноз: асфиксия. Өлімнің себептерін анықтау …