Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай мәліметпен бөлісті деп хабарлайды turkystan.kz. Тіпті, Ақордаға апаратын жолдың өзі құрақ-құрақ көрпеге ұқсайтынын және саланы жемқорлық жайлағанын айтқан Президент жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайтынын жеткізді. «Жолдың сапасына айрықша назар аудару …