Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды. Мұны, тіпті қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселені көтерді деп хабарлады turkystan.kz. «Елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, …