Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді. Ерлан Қошанов дауыс беру учаскесіне келіп, референдумда өз таңдауын жасады. Бұл туралы Referendum2022.kz Telegram арнасы хабарлады. «Мәжіліс төрағасы «Қазақстан темір жолы» ғимаратында ашылған учаскеге келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс берді» делінген ресми хабарламада.