Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эрді қабылдады. Кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміз тәуелсіздік тарихында жаңа кезеңге қадам басып отырғанын атап өтті. Біздің Президентіміз конституциялық өзгерістерге байланысты референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл – уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отырған тарихи шешім. Осыған байланысты елімізге ТүркПА-ның байқаушылары […]