Үкімет қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен мұнай-газ мәселесін талқылағанын хабарлаған болатынбыз.