Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді. Президентке қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген. …