Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалық етуімен республикалық референдумның қорытындысы бойынша отырыс өтті. Отырысқа Бас прокуратураның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бейнеконференция байланысы режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссияларының мүшелері қатысты. Нұрлан Әбдіров «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21, 31-баптарында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жалпы республика бойынша референдумның […]