Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді. «Асқар Маминге қатысты айтар болсақ, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қазір өндірісте ешқандай іс жоқ», – деді Сарқұлов брифингте. Бұған дейін Асқар Маминнің немен айналысып жүргенін хабарлаған болатынбыз.