Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді. «Қазақстанда алғаш рет Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары конституциялық реформалардың маңызын түсінеді. Бұл […]