Президенттің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, – деп хабарлады primeminister.kz. Іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды: жаңа облыстардың шекараларын белгілеу; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру; орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту; жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу […]