Нұр-Сұлтан қаласында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов рефрендумға ең алғашқылардың бірі болып барды. Қазақстанда референдум арқылы Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Жалпы, Қазақстанда 10 мыңнан астам референдум учаскесі жасақталған. Ондағы жұмыс таңғы жетіден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Жалпы референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелген.