Ұлттық құрылтайдың бір ерекшелігі – ол жерде әлеуметтік-экономикалық бағыттан бөлек, иделогиялық әрі тәрбиелік маңызы жоғары тақырыптар талқыланады. Бұл туралы бүгін өтетін Ұлттық құрылтай аясында Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті. — Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтеді. Еліміз үшін өте маңызды басқосу болады деп ойлаймын. Жалпы, осыған дейінгі үш құрылтайда біз шешімі қиын, 30 жылдан астам уақыт бойы қордаланған күрделі мәселелерді қарастырдық. Соның заңнамалық шешімін де, оның орындалуына қатысты қадамдарды қабылдадық. Қазір аталған шешімдердің дұрыс екені уақыт өте келе дәлелденді. Мәселен, лудоманияға қарсы күресте нақты шешімдер жасалды. Мемлекеттік қызметшілерге, әскерилерге құмар ойындарға баруына тыйым салынды. […]The post Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерге қатысты дұрыс шешім қабылданып келеді — депутат appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерге қатысты дұрыс шешім қабылданып келеді — депутат


