Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бар. Өйткені азаматтық қоғам мемлекеттің дамуына әсер ететін бірден бір күш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында қаңтардағы қайғылы оқиғалардың жай-жапсарына тоқталып, одан кейінгі тергеу, тексеру амалдары кезінде заңсыздықтарға жол берілмес үшін тәуелсіз қоғамдық комиссиялар белсенді жұмыс істеп, өз ұстанымдарын, көзқарастары мен пікірлерін ашық білдіріп нәтижелі іс атқарғанын да атап өтті.