Елімізде еңбек дауының әділ шешілуінің жолдары жан-жақты қарастырылған. Еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында еңбек заңнамасын қолдану бойынша келіспеушілік, еңбек шартының талаптарын орындау бойынша қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген даулар. Сондықтан, еңбек кодексінде еңбек дауын міндетті түрде келісім комиссиясында қарау көзделген.