Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында көптеген мәселелерді кеңінен қамти отырып азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да ерекше тоқталды. Жолдауда азаматтық белсенділікті одан ары жандандырып мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет екені айтылды. «Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы.