Түркістан облысында 50-ге жуық адам өздері алмаған несиені төлеуге мәжбүр. Қылмысқа барған банк менеджері ұсталып, үстінен іс қозғалған. Бірақ банк сот шешімі шықпайынша ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтып, шулаған қауым алдынан есікті тарс жапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.