Мемлекет басшысы "QazaqGaz» ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, алдағы кезеңге арналған жоспары мен газ саласы стратегиясын дамыту туралы есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.