Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұлттық мереке Республика күні қарсаңында тағайындалған мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтіп жатыр. Алқалы жиында президент қазақ тілі мәселесіне ерекше тоқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.