Премьер-министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлады. «Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады», – делінген хабарламада.