Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. «Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз еркімен босатылды»,- делінген ведомствоның жазбасында. Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев бұл ауданға басшы болып биыл 18-ақпан күні тағайындалған болатын.