Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ханым Мадридте өткен НАТО-ның форумында алдағы уақытта немістер өздерін Ресейдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейтінін ашып айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Біз алдағы уақытта Кремльдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейміз. Осыған дейін біздер отын энергетикасы бойынша Ресейге қатты тәуелді болдық. Мәскеу осыны пайдаланып, орынсыз саяси талаптарын қойып …