Ел тарихы үшін маңызды саналатын Президент сайлауында көп балалы аналар да таңдау жасауда. Қазалы ауданына қарасты Үрмәш Түктібаев елді мекенінде тұратын Алтынбаевтар отбасы сайлау учаскесіне үшем қыздарымен бірге келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.