ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.