Елордада шаңғыроллер тасжолында 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді. Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.