Түркиядағы жер сілкінісінен кейін түрік құрылыс компаниялары салған нысандар сапасы өзге елдерде тексеріле бастаған. Осыған байланысты қазақстандықтар да өз қызығушылығын білдіріп, "біздегі құрылыс нысандары тексеріледі ме" деген сауалды ортаға тастауда, деп хабарлайды Zakon.kz.