2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.