Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.