ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.