Қазақстанда бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және "Электрондық үкіметтің" архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осы және басқа да мәселелер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.